Обратная связь


Ермекова Нагияш Реймбаевна. Семья дороже всего на свете!

Праздник "День Семьи"
Автор: Ермекова Нагияш Реймбаевна   
10.10.2015 18:32

Семья дороже всего на свете!

«Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін!»

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың отбасы туралы көзқарастарын диагностикалау. Бақытты отбасынын құндылығымен, маңызын түсіну. Психологиялық қолдау көрсету.

 

Тренинг бағдарламасы:

  1. «Танысу» жаттығуы
  2. «Балаңызды түсіне білесіз бе?»
  3. Ата- аналарға ұсыныстар
  4. Тренинг «Бақытты жанұя»
  5. «Тілек шамы»

«Танысу» жаттығуы

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.

Психолог: Отбасы- адамзат бесігін тербеткен алтын ұя. Баланың бас ұстазы ата-анасы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғытып ұшыратын әке де қыран болыу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді. Әкеден ерліктің, еңбектің, адамгершіліктің, іскерліктің, имандылықтың өнеге үлгісін үйренсе, ал анадан парасаттылықтың, мейірімділіктің, сұлулықтың, қайырымдылықтың өнеге үлгісін үйренеді.

Ең негізгі қажеттілік – түсіністік. Біз концепциясының қалыптасуы; референттық топ қалыптасуы.

Ата-аналарға ұсыныстар:

Балаға әке және шеше тарапынан қойылатын талап бірдей болуы керек. Баланы әрқашан мақтап, мадақтап тұру өте маңызды. Отбасы өмірінде әрбір мүшенің еңбекке араласуы заңды. Материалдық және моральдық жағдайлар балалар мен үлкендер арасында тең болуы керек. Балаларыңызға әрқашан жылылықтарыңызды ұмытпаңыздар! Бүгінгі бала –бұл ертеңгі өркениетті қоғам мүшесі. Қазіргі кезде балаға өмір беру – оны жолбарысы бар торға лақтырғанмен бірдей. Балалар қоршаған ортаны бақылауға қабілетсіз, оларға бұл үшін шынайы мүмкіндіктер жоқ. Оларға өмір сүру үшін махаббат және көмек қажет. Ең әрекетті құралдың бірі-бұл тек баланың дос болуы. Бақытқа бастар жолдың бір бөлігі- өз бетіндік өмірге аяқ баспайынша олраға жақсы көретініңізді білдіріңіз және көмектесіңіз.

А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, әңгілесумен, оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат міндеттерімен байланысты болуы керек.»

Тренинг «Бақытты жанұя»

Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек. Ол қандай жанұя? -деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

«Тілек шамы»

Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.

«Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттын да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

«Балаңызды түсіне білесіз бе?»

1. Балаңыздың болмашы ісіне қатты ашуланып, артынан өкінесіз бе?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

2. Кей кезде балаларыңыздың оғаш қылығына не істеріңізді білмей, туыстарыңыздан ақыл сұрайсыз ба?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

3. Сіздің тәжірибеңіз бен түйсігіңіз болса тәрбиеленудегі ең жақсы ақылшы

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

4. кейде ересек адамдарға айтпаған сырыңызды балаңызға ақтара аласыз ба?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

5. Сіздің балаңыз туралы өзгелердің жайсыз пікіріне ашуланасыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

6. Сіз өзіңіздің балаңыздың көзінше жасаған ыңғайсыз сөзіңіз немесе қылығыңызға кешірім өтінесіз бе?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

7. Балаңыздың сізден құпиясы болмауы керек деп ойлайсыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

8. Балаңыздың бойынан сізде жоқ ерекше қасиет көрсеңіз қуанасыз ба?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

9. Балаңыздың сәтсіздігіне қатты қиналасыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

10. Артық ақшаныз болған жағдайда балаңызда бұл зат бар екенін біле тұра сатып аласыз ба?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

11. Баланы тәрбиелеу үшін ең бастысы –жазалау деп ойлайсыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

12. Сіздің балаңыз ойыңыздағыдай ма?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

13. Балаңыз қуаныштан гөрі уайым әкеледі ме?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

14. Кейде балаңыз сізден ақылды көрінеді, сіз білмейтіндерді үйретеді?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

15. Балаңызбен жиі ұрысып қаласыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

Жауабы: 100-150 ұпайға дейін. Өз балаңызды жақсы түсінуге тырысасыз. Қөзқарасыңыз бен ойлау қабілетіңіз тәрбие мәселесінде көп нәрсеге көмектеседі. Сіз балаларға үлгі боларлықтай жансыз.

50-95 ұпай. Бала тәрбиелеудің оң жолында келесіз. Балаңызға тікелей ықпал етесіз. Сондықтан да, дұрыс болғанымыз жөн. Түсіну-қабылдау емес, бұны тек балалармен емес, жеке басыңызда да қолданғаныңыз жөн.

0-45 ұпай. Сіздің балаңызды тек аяуға болады. Өйткені, ол сізден жақсы дос таппады. Өмірдің қиын кездерінде ата-ананың оны түсініп көмектесе алмайтынына өкінеді. Бірақ, әлі де кеш емес. Балаңызға шын мәнінде көмектескеңіз келсе, қарым-қатынасыңыз бен тәрбиеңізді түзеген дұрыс.

«Ашығын айтсам»

Сабақтың жүргізілген күні: ---------------

Менің тренинг барысында түйгенім----------

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------

Жүргізушіге ұсыныс---------

Маған ең пайдалы, құнды болған----------

Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер----------------

Маған ұнамағаны--------------

Ең жақсы ұнағаны--------------

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді-------------------

Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма? --------------

Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам-------------

Тренингті қорытындылау--------------------------

Қолы------------------------------------

Идеальды үлгілер:

Ата-ана-жұмсақ және қатты (жағдайға байланысты); қамқор, көмектесуге бейім; жаман әдеттері жоқ; үйдегі үйлесімділік.

Бала- жақсы оқитын; жаман әдетсіз; ұғымтал; құрметтей білетін; көмектескіш; бос уақытын тиімді пайдаланатын (спорт, би т.б.); ата-аналарымен белгілі бір тақырыпта әңгімелесе білуі.

Балаңызды түсіне білесіз бе?»

1. Балаңыздың болмашы ісіне қатты ашуланып, артынан өкінесіз бе?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

2. Кей кезде балаларыңыздың оғаш қылығына не істеріңізді білмей, туыстарыңыздан ақыл сұрайсыз ба?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

3. Сіздің тәжірибеңіз бен түйсігіңіз болса тәрбиеленудегі ең жақсы ақылшы

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

4. кейде ересек адамдарға айтпаған сырыңызды балаңызға ақтара аласыз ба?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

5. Сіздің балаңыз туралы өзгелердің жайсыз пікіріне ашуланасыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

6. Сіз өзіңіздің балаңыздың көзінше жасаған ыңғайсыз сөзіңіз немесе қылығыңызға кешірім өтінесіз бе?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

7. Балаңыздың сізден құпиясы болмауы керек деп ойлайсыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

8. Балаңыздың бойынан сізде жоқ ерекше қасиет көрсеңіз қуанасыз ба?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

9. Балаңыздың сәтсіздігіне қатты қиналасыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

10. Артық ақшаныз болған жағдайда балаңызда бұл зат бар екенін біле тұра сатып аласыз ба?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

11. Баланы тәрбиелеу үшін ең бастысы –жазалау деп ойлайсыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

12. Сіздің балаңыз ойыңыздағыдай ма?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

13. Балаңыз қуаныштан гөрі уайым әкеледі ме?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

14. Кейде балаңыз сізден ақылды көрінеді, сіз білмейтіндерді үйретеді?

Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0

15. Балаңызбен жиі ұрысып қаласыз ба?

Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10

__________________ Бекітемін:

МКҚК «Жанар» балабақшасы» меңгерушісі Р.К. Бесмағанбетова

------------------------ 2015 жыл

«Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін!»

Педагог –психолог: Ермекова Н.Р

Жаңаөзен 2015ж

Просмотров: 568
Категория: По направлениям » Для детского сада » Сценарии праздников для детей дошкольного возраста » Творческий материал ко Дню Семьи




Другие новости по теме:

  • Абдулова Джюме Сиражутдиновна. Накануне выпускного бала..
  • Абдулова Джюме Сиражутдиновна. Фототчет выпускного бала
  • Сценарий Осенний бала для школьников - Чудеса осени
  • Куква Татьяна Николаевна. Сценарий выпускного бала «ВЫПУСКНАЯ КАТАВАСИЯ»
  • Романова Наталья Николаевна. Сценарий выпускного бала «Алые паруса»
  • Мравян Оксана Юрьевна. СЦЕНАРИЙ ВЫПУСКНОГО БАЛА В ДЕТСКОМ САДУ
  • Ломакина Аслижан Хамидовна. Сценарий проведения выпускного бала в подготовительно группе
  • Сценарий Осеннего бала - Пришла без красок и без кисти и перекрасила все листья
  • Крутова Мария Александровна. Сценарий выпускного бала для подготовительной группы «До свиданья, детский сад»
  • Ефимова Елена Владимировна Полупаненко Ольга Валерьевна. Cценарий новогоднего бала для детей подготовительной группы «Щелкунчик»
  • Ермекова Нагияш Реймбаевна. Пальчиковая гимнастика
  • Азизова Гульнар Ильдаровна. Тренинг для педагогов ДОУ по профилактике эмоционального выгорания «Я ль на свете всех милее…»
  • Исаева Ирина Юрьевна. Тренинг для педагогов ДОУ «День психологической разгрузки»
  • Мубаракшина Альбина Каюмовна. Театрализованное занятие в подготовительной группе по мотивам татарской народной сказки “Өч кыз” (“Три дочери”).
  • Захарова Юлия Васильевна. Тренинг личностного роста
  • Толмачева Алена Васильевна. Психологический тренинг для родителей
  • Потапова Людмила Александровна. Тренинг партнерского общения.
  • Лободенко Наталья Леонидовна. Тренинг регуляции эмоционального состояния
  • Ваганова Светлана Федоровна. Тренинг «Эмоциональное выгорание педагогов»
  • Абасова Анна Александровна. Тренинг для детей «Избавляемся от агрессии»
  • Павлова Валентина Михайловна. Тренинг «Психологическое здоровье педагога»
  • Богданова Ольга Станиславна. ТРЕНИНГ НА СПЛОЧЕНИЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО КОЛЛЕКТИВА
  • Вязовцева Елена Исхаковна. «Полезные игры – тренинг для педагогов»
  • Ираида Юрьевна Ляпунова. 'Тренинг для начинающих педагогов 'Найди ошибку!
  • Ефимова Юлия Владимировна. Тренинг для педагогов «Снятие психоэмоционального напряжения»
  • Зумбадзе Этери Амирановна. Тренинг по профилактике эмоционального выгорания у педагогов.
  • Павлова Валентина Михайловна. Тренинг для педагогов «Психическое здоровье педагога»
  • Зумбадзе Этери Амирановна. Тренинг для педагогов «Снятие психоэмоционального напряжения»
  • Михайлова Галина Николаевна. Психологический тренинг для родителей в ДОУ «Контроль над собой».
  • Афанасьева Марина Анатольевна. ПСИХОЛОГИЧЕСКИЙ ТРЕНИНГ С ПЕДАГОГАМИ ДОУ на снятие психоэмоционального напряжения



  • ---
    Разместите, пожалуйста, ссылку на эту страницу на своём веб-сайте:

    Код для вставки на сайт или в блог:       
    Код для вставки в форум (BBCode):       
    Прямая ссылка на эту публикацию:       






    Данный материал НЕ НАРУШАЕТ авторские права никаких физических или юридических лиц.
    Если это не так - свяжитесь с администрацией сайта.
    Материал будет немедленно удален.
    Электронная версия этой публикации предоставляется только в ознакомительных целях.
    Для дальнейшего её использования Вам необходимо будет
    приобрести бумажный (электронный, аудио) вариант у правообладателей.

    На сайте «Глубинная психология: учения и методики» представлены статьи, направления, методики по психологии, психоанализу, психотерапии, психодиагностике, судьбоанализу, психологическому консультированию; игры и упражнения для тренингов; биографии великих людей; притчи и сказки; пословицы и поговорки; а также словари и энциклопедии по психологии, медицине, философии, социологии, религии, педагогике. Все книги (аудиокниги), находящиеся на нашем сайте, Вы можете скачать бесплатно без всяких платных смс и даже без регистрации. Все словарные статьи и труды великих авторов можно читать онлайн.







    Locations of visitors to this page



          
    <НА ГЛАВНУЮ>